Главная » Файлы » Мои файлы |
[ Скачать с сервера (37.5 Kb) ] | 14.07.2014, 22:28 |
Шығарма «Шерхан Мұртаза»
Шерхан Мұртаза-қазақтың халық жазушысы. Ол 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген. Жастайынан әдебиетке үйір болды.Талапты жас Мәскеудегі университетке түсіп, журналист мамандығын алып шығады.Кейіннен әдебиет саласында еңбек етті.Шерхан Мұртаза көптеген әңгімелер мен очерктер жазды.Қазақтың саяси қайраткері Тұрар Рысқұлов жайлы «Қызыл Жебе» атты роман жазды.«Мылтықсыз майдан»,«Белгісіз солдаттың баласы» т.б. көптеген повестер жазды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Шерхан Мұртаза парламент мәжілісіне депутат болып сайланып ,мемлекетімізді өркендетуге атсалысты. Сонымен қатар қазақ тілінің дамуына жанашыр болды.
Шығарма «Мұхтар Әуезов»
Мұхтар Әуезов-қазақ жазушысы,ғалым,қоғам қайраткері академик.Мұхтар 1897 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.Жастайы- нан арабша хат танып,қазақ эпостарын оқиды. Талантты жас тұңғыш шығармасы өзінің «Еңлік-Кебек» пьесасын жазды.М.Ә. «Абай жолы» атты эпопея жазды.Бұл эпопея Мұхтар Әуезовты букіл әлемге танытты. Ол көптеген повестер мен әңгімелер,пьесалар жазды. Әдебиет саласындағы еңбегі үшін Мұхтар Әуезов көптеген сыйлықтар мен ордендермен марапатталды.1961жылы М.Ә. қайтыс болғаннан кейін, республика үкіметі қаулы алып,ұлы жазушының мәңгі есте қалдыру мақсатында драма театрына есімін берді,әдеби музейін ашты, бірқатар мектеп,көшелерді Мұхтар Әуезов есімімен атады.
Шығарма«Шоқан Уәлиханов»
Шоқан Уәлиханов-қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы,ағартушы,саяхатшысы.1835 жылы Қостанай облысы,Құсмұрын деген жерде дүниеге келген. Арғы атасы – қазақтың атақты ханы Абылай. Шоқан Омбы қаласында кадет корпусын бітіріп, еңбекке араласады.Ол заманында өте білімді, тамаша ғалым, қазақ халқының ауыз әдебиетін, сирек қол жазбаларды, аңыз мен жырларын зерттеп,жазып отырған.Сонымен қатар орыс патшалығының отаршылдық саясатына қарсы шығып,қазақ – халқының мүддесін қорғаған. Шоқан-саясатшы.Ол Қашғария еліне саяхат жасайды.Саяхаттан алған әсерлерін қағаз беті- не түсіріп отырған.Шоқан – тарих, этнография, әдебиет, география ғылымына,қазақтың салт- дәстүрін зерттеуге көп еңбек сіңіріп,артына көп мұра қалдырады.Шоқан 1865 жылы жастай өмірден озды.Артында көп ғылыми - әдеби мұра қалдырған Шоқан қазақ халқының жадында мәңгі сақталады.
Шығарма «Ыбырай Алтынсарин»
Ыбырай Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жазушысы.1841 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген.Орынборда қазақ –орыс мектебінде білім алады.Жасынан зерек болған Ыбырай өздігінен кітап оқып, ой-өрісін кеңейтеді.Ыбырай - өз халқын жоғары бағалаған, оның патриоты болған. Ол Торғайда алғашқы қазақ мектебін ашады.Мектеп- тер үшін арнаулы оқу құралдарын шығарады. Ыбырай әйгілі «Қазақ әліпбиі» атты кітап жазады.Ол қазақ даласында білімінің дамуына көп еңбек сіңірді. Балаларға арнап көптеген өлең,аңыз,мысал мен әңгімелер жазды.(Асан мен Үсен).Қазақ даласының сұлулығына,табиғатына ғашық болып , алуан өлеңдер жазды.Сонымен қатар педогигалық ,ғылыми еңбектер жазып,басқа да жазушылардың еңбектерін қазақшаға аударған. Қазақ халқы өзінің Ыбырай Алтынсарин сынды ардақты ұлын әрқашан жоғары бағалайды.
Шығарма «Туған өлке»
Менің туған өлкем-тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Әлемде талай елдер мен ғажайып жерлер бар. Адамдарға ең ыстығы өз Отаны,туған өлкесі.Мен қазақ жерінде дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Қазақ жері үлкен, байтақ ел.Оның табиғаты алуан түрлі. Қазақтың байтақ жерінде ,жазықтар,орман,тау,дала- лар бар. Еліміздің жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай және мол қоры бар.Сонымен қатар ауылшаруашылық- ғыда жақсы дамыған. Мен Қазақстанда мұнайлы өлке – Атырау облысында дүниеге келдім.Ауданымыз қазақтың атақты күйші,сазгер Құрманғазы бабамыздың есімімен аталады.Ал өзім өмірге келген өлкем Ақкөл селосы. Біз ,жеткіншектер,туған өлкеміздің оның табиғатын, бай тарихын біліп, үйренуге тиіспіз.Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, бай мәдениетін оқып-біліп оны мәңгі жадымызға сақтауымыз керек.Келешекте мен өзімнің туған өлкемді мақтаныш сезіммен қастерлеп өтуге міндеттімін. | |
Просмотров: 631 | Загрузок: 10 | |
Всего комментариев: 0 | |