Главная » 2015 » Январь » 20 » Инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру бағытында әр түрлі әдістемелік жұмыстар
19:34
Инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру бағытында әр түрлі әдістемелік жұмыстар

Жаңа форматтағы деңгейлік курстарға мұғалімдер оқып, сертификат алды. Соның ішінде бірінші деңгейлік курстан Б.Утегенова. үшінші деңгейлік курстан Г.Шайхиева, Ж.Айтқалиева.

Инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру бағытында әр түрлі әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылды. Деңгейлік курстан  өткен мұғалімдер коучингтер өткізіп, мұғалімдермен өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Білім мазмұнын жаңалау, инновациялық үрдісті дамытуды мектепте жүзеге асыру, білім сапасын арттыру, оқушылар жетістіктерін бағалаудың жаңа түрлерін енгізу мақсатында облыс көлемінде әдістемелік семинар өтті. «Қоғамдық-гуманитарлық  пәндердің берілуі»  тақырыбында өткен облыстық семинарда өткен Б.Утегенова, Ж.Айтқалиевалардың өткізген ашық сабақтарында жаңа форматтағы  сабақтардың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетіп, жоғары бағаларға ие болды.

12 жылдық білім беруге байланысты  Астана  қаласында  өткен  «12 жылдық мектептің оқу үрдісіндегі бағалаудың критериалдық  жүйесі» тақырыбындағы әдістемелік семинарға орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Шайхиева,  «Жоғары сапа және білім берудегі көшбасшылық» тақырыбындағы халықаралық конференцияларға орыс тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Айтқалиева қатысты. 

 Облыстық аймақтық семинарда  орыс тілі пәні мұғалімі Б.Өтегенова, ағылшын тілі пәні мұғалімі М.Құрманбаева коучинг  өткізіп, жұмыстары жоғары бағаланды.

Мұғалімдердің сабақ өткізуде инновациялық технологияларды тиімді пайдаланып, жеке тұлғаға бағытталған нәтижелі білім беруге негізделген әдістерді көрсету мақсатында  «Оқу  үрдісінде  ақпараттық  технологияны  қолданып,  оқушыға  нәтижеге  бағытталған  құзырлы  білім  беру», «Оқу  үрдісінде  оқушы  білімінің  бағалаудың  тиімді  нұсқалары»,  «Оқу  үрдісінде  оқушылардың  жобалық  зерттеу  іс - әрекеттін  ұйымдастыру»  тақырыбындағы әдістемелік апталықтар, ашық есік күндері өтті. Әдістемелік семинарларға  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Айтқалиева, Б.Өтегенова, Р.Алдановалардың өткізген жаңа форматтағы сабақтары инновациялық технологиялардың тиімділігін көрсете білген, жоғары  әдістемелік шеберлікпен өткізген сабақтар деп бағаланды.

Өз тәжірибесін, әдістемелік шеберлігін ортаға салатын Облыстық педоқуларда І орын орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Н.Аққалиеваны, ІІ орын алған - Г.Шайхиеваны атауға болады.

Мұғалімдердің  шығармашылық  жұмыстары,  әр  деңгейдегі  сайыстары  нәтижелі  болды.

-   облыстық  «Үздік менеджер-2014» байқауына Г.Тұяқбаева   ІІ  орын

-   облыстық «Үздік экспериментатор» сайысында Ж.Айтқалиева ІІ орын,

-   аудандық «Словесник -2014 » сайысында І орын, «Үздік ғылыми жетекші -2013» сайысында орыс тілі мен әдебиеті пәні      мұғалімі Г. Шайхиева  Бас жүлде

     

  Мектепте  ОЖСБ,  ҰБТ – ға дайындық  мақсатында  әдістемелік  практикум,  шебер  сыныптар  ұйымдастырылды.  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  қалыптастыру,  бағдарлама  көлеміндегі   дағдыларын  кеңейту  мақсатында  таңдау,  қолданбалы  курстар,  факультатив  сабақтар  ұйымдастырылды. 

 

.«Мой  учитель»  эссе  жазу  байқауында  8в  сынып  оқушысы  Қабдолла  Әділет  дайындаған  мұғалімі  Аққалиева  Нүргүл  жүлделі  І  орын  алды.

Просмотров: 533 | Добавил: Нурика | Теги: әдістемелік шеберлігін ортаға салат, Өз тәжірибесін | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar